ҚХП заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігін қолдайды

«Халық микрофоны» жобасының тікелей эфирінде заң саласының өзекті мәселелері талқыланды.

Студияда заңгер, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат М.Магеррамов пікір білдірді. Ол елімізде жүргізілген реформалар құқық жаңғыруға бастағанын, дегенмен күрмеуі шешілмеген мәселелер бар екенін алға тартты.

– Адам құқын қорғайтын адвокаттар мен заң кеңесшілері тәуелсіз емес. Бұл олардың жұмысына кедергі келтіреді, – деді М.Магеррамов. Спикердің сөзінше, жоғарыдағы мәселеге партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше назар аударылған.

– Біз сайлауалды платформамызды түрлі санаттағы ел азаматтарымен бірлесіп, ақылдасып жаздық. Саяси құжатымызда халықтың талабы мен тілегі көрініс тапты. Сайлауалды бағдарламамыздың әр тармағы халықтың ұсынысы негізінде қалыптасты, – деді ол.

Спикер сайлауалды бағдарламадағы бастамалардың жүзеге асуы қазақстандықтардың 19-наурыз күні өтетін науқанда дұрыс таңдау жасауына тікелей байланысты екенін атап өтті. – Қазақстан Халық партиясына дауыс беріңіздер. Жеңіске бірге жетейік! – деді М.Магеррамов.

«Халық микрофоны» жобасының YouTube желісіндегі сілтемесі

https://www.youtube.com/watch?v=eAqSAJfUlyM


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy