Референдумға дайынбыз!

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының құрамында Жаңа Конституция жобасы бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуде. Олардың қатарында Қазақстан Халық партиясынан сайланған мәжілісмен, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар бар.

Депутат коалиция мүшелерімен бірге Павлодар облысын аралады. Мұнда Баянауыл ауданына барып, Жаңатілек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

3

– Коалиция өкілдері тек қала тұрғындармен ғана кездесіп қоймай, аудандар мен ауылдарға шығып, кәсіпорындар мен базарларды, әлеуметтік маңызы зор нысандарды аралайды. Үйлерге барып, тұрғындармен тікелей сөйлеседі, – деп түсіндірді депутат. – Еліміз үшін маңызды әрі тарихи саналатын оқиғадан бірде бір азамат тыс қалмауы үшін, әр адам толық ақпаратпен қамтылуы тиіс.

1

2

– Азаматтардың алдағы реформадан хабардар болуы және республикалық референдум өтетін күні дауыс беруге белсенді қатысуға ниет білдіруі қуантады, – деп атап өтті Ислам Сұңқар. –Ел азаматтары жаңа қоғамдық келісімге деген сұранысты растап отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy