Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Александр Милютин «Семей-Тазалық» мекемесінің ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Спикер еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси тұғырнамама «Билік – Халыққа! Бай азаматтар – бай мемлекет! Әр отбасы мемлекеттің қамқорлығында!» деген бөлімдерден тұратынын жеткізді.
– Халық партиясы – әрбір отбасының құрамын ескере отырып, азық-түлікке, денсаулық сақтауға, коммуналдық қызметке, білімге, автожолдарға нақты шығындар мөлшерінде салық салынбайтын және алым алынбайтын ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізуді қолдайды. Ең төменгі жалақы үш адамнан тұратын отбасын асырауды қамтамасыз етуі керек. Бұл үшін ең төменгі жалақы мөлшерін 140 мың теңгеге дейін жеткізу қажет, – деді А. Милютин.
Кедейлік дерті Қазақстанның мыңдаған азаматтары үшін ақиқатқа айналды. Әлеуметке бағдарланған мемлекет болса да, Үкімет бұл індетті жою алмай отыр.
– Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы жоқ. Қолданыстағы бағдарламалар уақытша және азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтымайды. Қазақстан Халық партиясы кедейлікке қарсы күрес туралы заң әзірлеуді талап етеді. Көршілес Қытайда кедейлікке қарсы заң қабылданғаннан кейін үкімет 10 жыл ішінде 780 миллион адамды қайыршылықтан құтқарды. Тиімді Халық Үкіметі құрылса, біздің 3 миллион азаматымыз кедейліктен құтылады, – деді А. Милютин.