Құрметті кеншілер, тау-кен салаларының қызметкерлері мен ардагерлері!
Қазақстан Халық партиясы сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды.
Сіздердің ел игілігі жолындағы қиын да қауіпті жұмыстарыңыз қашан да құрметке лайық. Себебі, жер қойнауындағы байлықты өндіру – республикамыздың әл-ауқатына, экономикалық өсуіне, дамуы мен өркендеуіне тікелей әсер ететін маңызды қызмет. Осы ретте Сіздердің бойларыңыздағы батылдық, табандылық, кәсібилік және еңбекке адалдық қасиеттерін жоғары бағалай отырып, шын жүректен алғыс айтамыз.
Сіздерге зор денсаулық және отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Қызметте қауіп-қатерден аман болып, еңбектеріңіз қашанда лайықты бағалануына тілектеспіз. Әрдайым сәттілік серік болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер.
Қазақстан Халық партиясы