Кенжеғұл Сейітжан Паравелоспорттан Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан 2023 жылғы 4-7 маусым аралығында Паравелоспорттан Тайландта өтетін 11- ші Азия чемпионатына қатысады. Қазір ол Алматыда оқу-жаттығу жиынында жүр.

Кенжеғұл Сейітжан бұған дейін талай биікті бағындырған. Ол Паравелоспорттан спорт шебері (UCI халықаралық рейтингі бойынша 13 орын), Петропавл, Ақтау және Бурабайда өткен жарыстарда топ жарған. Былтыр Мақсат Қадыровпен бірге Кенжеғұл Сейітжан Душанбе қаласында өткен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy