ҚХП Олжас Сүлейменовке жұбайының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

dep.jpg

Құрметті Олжас Омарұлы!

Сізге жан-жарыңыз Маргарита Владимировнаның қайтыс болуына байланысты қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамыз.

Өмірлік серігіңіздің орны толмас ауыр қазасы барлығымыздың жүрегімізге мұң ұялатты.

Сіздің жұбайыңыз өте мейірімді адам болды. Біз оның жарқын бейнесін есте сақтаймыз.

Жұбайыңыздың алды пейіш, арты кеніш болсын.

Өзіңізге, ұрпағыңызға амандық тілейміз.

Берік болыңыз.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy