Кітапхана ісі туралы Заң қабылдау қажет

22 ақпанда Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Жетісу жұртшылығымен жүздесті, облыстық кітапхана ұжымымен кездесті. Қазақстан Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы саяси күш ретінде еңбек адамының құқықтарын қорғайды және ел азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіреді.

Кездесу барысында сайлаушылар көкейінде жүрген сан сауалдарын қойды. Әсіресе, жайылымдық жер тапшылығы мен шалғай ауылдардағы инфрақұрылым мәселесін сөз етті.

– Жекеменшікке берілген жер аграрлық секторды жетекші салаға айналдыра алмады, қарапайым халық жайылымнан айырылып, жұмыссыздықтың салдарынан ауылдарды тастап кете бастады. Мұның бәрін жақсы біледі Халық партиясы және мәселені шешуде нақты ұсыныс енгізіп отыр өзінің Сайлауалды бағдарламасында, – деді. – Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейінгі аумақта 7 жылға пайдалану құқығын тегін беру керек. Бірақ бұл заңды тұлғаларға жүрмейді және мұндай құқық қазақ жерінде «таң атып, күн батқанға дейін» адал еңбек еткен азаматтарға ғана берілуі тиіс.

Сайлаушылар бұл ұсынысты қолдап, қошемет көрсетті. Ал ауылдарды дамыту мәселесіне келсек, – деді Асхат Зейноллаұлы: – Ауылдық аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек. Бұл Бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр Халық партиясы» – деді.

Сондай-ақ, ауылдардан әрбір отандасқа 25 сотық жер телімін беруді ұсынатынын да айтты. Бірақ: – Ауылдық жерлерде жер телімі онда жұмыс істейтін адамға ғана тиесілі болуы керек, – деді спикер.

Кездесу барысында қарапайым жұмысшылардың құқығын таптап отырған қолданыстағы Еңбек кодексін «Халыққа қарсы кодекс» деп бағалады А.Асылбеков. Осы орайда: «Біз қолданыстағы антихалықтық Еңбек кодексіне қарсымыз! Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет! Біз – мықты және жұмыс берушіден тәуелсіз кәсіподақтарды қолдаймыз!» – деді. Кітапхана ұжымымен кездесу сәтінде Асхат Зейноллаұлы: «Біз мәдениет пен өнердің материалдық базасын дамыту және нығайту жөніндегі пәрменді шараларды қолдаймыз.

Кітапхана ісі туралы Заң қабылдау қажет. Мектеп кітапханашыларына кітапханашы-педагог мәртебесін беру керек. Мұрағат мекемелері мен мұражайлардың жағдайларын жақсарту қажет» – деді. Кездесу қорытындысында сайлаушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды, сұрақтар қойылды. Асхат Асылбеков тұщымды жауабын беріп тарқасты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy