Көңіл айту

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының белсенді мүшесі, Мәжіліс депутаттығына кандидат Мұқан Мамытханның аяулы анасы Көбенқызы Қайныш 95 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Әжеміз жастық ғұмырында үш аймақ төңкерісінде әскери қатарда сап түзеп, ерлік көрсеткен қазақтың қайсар қызы. Кейінгі жылдары 12 бала тәрбиелеген абзал ана, аяулы әже. Ұрпағының бойына кісілік пен кішілік, даналық пен даралық қасиетін сіңдірген асыл жан.

«Ана алақанының аясы - ақ шынардың саясы» дейді қазақ. Осы орайда қазақ көшінің ілгерілеуі мен еңсесінің биік, мәртебесінің ұлық болуы жолында абыройлы еңбек етіп келе жатқан белгілі қоғам қайраткері, партияласымыз, ақын, жазушы Мұқан Мамытханға қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болсын.

Қазақстан Халық партиясының төрағасы

Е.Ертісбаев


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy