Америкалық «The National Interest» журналында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті, Қуатты және Өркендеген Қазақстан үшін жаңа Конституция» атты мақаласы жарияланды.
Мәтінде жуырда өткен Жалпыұлттық референдум (соңғы жылдардағы үшіншісі!) Қазақстанның саяси жүйесінің кемелдене түскенін және азаматтардың ел болашағын қалыптастыруға тікелей қатысуға дайын екенін көрсеткені атап өтіледі.
«…Қазақстандықтар құқықтық тәртіп қағидаттарына, адам құқығы мен бостандығын құрметтеу мен қорғауға, заманауи қоғам құруға, сондай-ақ білім, ғылым, технология, мәдениет, экология салаларын дамытуға және волонтёрлік пен патриотизмді ілгерілетуге негізделген берік ұстаным мен қазақ халқының әділетті әрі құқықтық мемлекетте өмір сүруге деген шынайы ұмтылысын көрсететін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. – Бұл – жас ұрпақтың үмітін ақтауға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан мен жаңа Конституция көптеген жылдар бойы жастар үшін «жол картасына» айналады деп сенемін… Осы шешуші сәтте біз өз тарихын құрметтей отырып, әділдік, технологиялық прогресс, экономикалық ашықтық және жауапты жаһандық әріптестікті ілгерілететін қуатты ұлттың негізін қалап жатырмыз…»
Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Конституциялық комиссияның мүшесі, депутат Магеррам Магеррамов материалда мемлекеттің саяси жаңғыруының негізгі бағыттары көрініс тапқанын атап өтті.
– Менің ойымша, референдумда қабылданған Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың жаңа формасын қалыптастырады, – деп нақтылады мәжілісмен. – Елдің жаңа Негізгі заңын кең ауқымда талқылау және оны қабылдау бойынша өткен референдум нақты нәтиже берді. Жаңа Конституция азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тікелей тартудың негізін қалады.
@halyk_partiyasy