
Қазақстан Халық партиясының депутаты, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Конституциялық реформаны түсіндіру үшін Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, сайлаушылармен кездесті. Мәжілісмен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жергілікті өкілдерімен бірге Павлодар қаласын, төрт ауданды және бірнеше ауылды аралады.
Ислам Сұңқардың сөзінше, халықтың саяси белсенділігі өте жоғары деңгейде.
– Шын мәнінде, көптеген адамдар жоспарланған өзгерістер туралы біледі, жобаны оқыған және әлеуметтік желіден көрген, – деп түсіндірді депутат. – Кездесуге қатысқан адамдардың көпшілігі жобаны қолдайды және 15 наурызда дауыс беруге дайын деп сенімді түрде айта аламын.
Пікірталас барысында қатысушылар түрлі тақырыпқа тоқталды. Кейде талқылау өзекті мәселелерге ауысып, адамдар қымбатшылыққа, инфляцияға және инфрақұрылым сапасына шағымданды.
– Нақтылайтын сұрақтар болды, – деп бөлісті мәжілісмен. – Мысалы, «тегін білім» ұғымы неге «ақысыз» деген ұғымға алмастырылды? Біз оқушының ата-анасы үшін ақысыз болса да, білім мемлекет есебінен төленетінін түсіндірдік. Тұжырымдама осылай нақтыланды.
Жобаға жастар ерекше қызығушылық танытты. Олар адам капиталын дамыту бастамасын қолдады.
– Бұған студент жастар мүдделі болды, – деді Ислам Сұңқар. – Олар қандай мүмкіндік берілетінін сұрады. Жастарды қазақстандық компаниялар, шығармашылық ұжымдар, әртістер, суретшілер, режиссерлер және сценаристер сапалы білім алып, сапалы инфрақұрылымға қол жеткізе ала ма деген сұрақ қызықтырды.
Креативті жастар шығармашылық өнім әзірлеп, оны экспортқа шығаруды көздейді. Сонымен қатар ел экономикасына пайдалы болатын өнім өндіргілері келеді. Студенттер жаңа Конституция жобасында жазылған еріктілер бастамасына үміт артады.
– Егер осы қызметті ынталандыратын инфрақұрылымдық жобалар құрылатын болса, онда «әлеуметтік лифт» пайда болады, – деп түсіндірді И. Сұңқар. – Демек көптеген жастар шығармашылығы мен белсенділігі арқылы өзін-өзі танытуға мүмкіндік алады.
@halyk_partiyasy