Конституция – болашақтың стратегиясы

Жаңа Конституция жобасы еліміздің барлық өңірінде талқылануда. Құжаттың нормаларын халыққа түсіндіруде Қазақстан Халық партиясының өңірлердегі өкілдері белсенділік танытуда. Таяуда ҚХП «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясына және қазір сайлаушылармен белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде.

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Жаңа Толқын Орал» ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Негізгі спикер ретінде филиал басшысы, мәслихат депутаты Борис Лаврентьев сөз сөйледі. Ол конституциялық реформа құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын кеңейтуге, сондай-ақ азаматтық қоғамның рөлін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі ережелері, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуындағы маңызы және қоғамдық бақылауды күшейтудегі рөлі түсіндірілді.

1

4

– Қатысушылар осындай түсіндіру шараларын өткізу маңызды екенін атап өтіп, конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді, – деп қорытындылады партия өкілдері.

ҚХП Атырау облыстық филиалы конституциялық реформаға арналған кеңес өткізді. Оған «QazaqGazAimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметкерлері қатысты.

6

– Халық партиясы бір палаталы парламентті қолдайтынын және медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін атап өтті, – деп нақтылады белсенділер.

ҚХП Атырау облыстық филиалының басшысы Балжан Досмұхамбетова тәжірибелі заңгер-сарапшылармен бірге «Спецавтобаза» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партия өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын егжей-тегжей түсіндірді.

7

8

– Біз мемлекет үшін ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарға ерекше назар аудардық, – деді ұйымдастырушылар. – Қатысушыларды адам капиталының дамуы, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қоғамның интеллектуалдық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру мәселелері қызықтырды.

ҚХП Түркістан облыстық филиалының өкілдері Кентау қаласындағы спорт клубының ұжымымен кездесіп, конституция жобасын талқылады.

9

10

– Мұндай пікір алмасу қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа бірге жетуге жолын ашады, – деп қорытындылады ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy