Конституция күні құтты болсын!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы барша қазақстандықты айтулы мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтайды!

Бұл мереке егеменді әрі тәуелсіз республикамыздың әрбір азаматы үшін ерекше маңызды.

Конституция – мемлекеттіліктің негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының және саяси тұрақтылық пен елдің әлеуметтік өмірінің кепілі. Соның арқасында біз әлемдік қоғамдастықта лайықты орыны бар, демократиялық-құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бұл – халық бірлігінің, әділдікке ұмтылыстың және болашаққа деген сенімнің символы.

Әрқашан бейбіт заман болып, еліміз өркендеп, дами берсін. Отанымыздың әрбір тұрғынына бақ-береке, қуаныш пен амандық тілейміз.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy