
Қазақстан жаңа Конституциямен декларативті түрде емес, нақты әрі конструктивті түрде әлеуметтік мемлекетке айналады. Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан осылай деп санайды.
Жобаның мәтінімен танысқан мәжілісмен оны жоғары бағалады. Құжаттың кіріспесі туралы айта келе, К. Сейтжан «Біз – біртұтас Қазақстан халқымыз» деген нормаға назар аударды.
– Біз әртүрліміз, бірақ біртұтаспыз, – деп атап өтті депутат. – Жүзден астам ұлт өкілі Қазақстанның көк туы астында өмір сүреміз. Біз бәріміз – қазақстандықпыз!
Тарихшы ретінде Кенжеғұл Сейтжанға жаңа Конституцияның кіріспесінде өткен тарихтың бүгінгі күнмен және болашақпен сабақтастығы ерекше әсер етті. Болашақтағы жоғары технологиялар, сапалы білім, цифрландыру – мұның барлығы адам құқығын сақтаумен тығыз байланысты.
– Мұның барлығы біздің болашағымыздың еншісінде. Үдеріс жүріп жатыр, – деп түсіндірді депутат.
Депутат құжаттың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жазылғанына тоқталды.
– Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялап қана қоймайды, оны нақтылайды, – деді К.Сейтжан. – Яғни, біздің ел азаматтардың барлық санаттары үшін әлеуметтік қорғауды басым құндылық ретінде айқындайды. Мен әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен және мүгедектігі бар адам ретінде мұны өте маңызды деп санаймын.
@halyk_partiyasy