Қызылорда облысында мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

Қазақстан Халық партиясы қоғам белсенділерімен және сарапшылармен бірлесіп өңірлердегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екендігін тексереді. Осылайша, қоғамдық бақылау аясында партиялықтар 30 тамызға дейін жалғасатын "Қауіпсіз мектеп" акциясын жүргізуде.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалының өкілдері мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірге бірқатар қалалық мектепті аралады. Олар білім және ювеналды әділет бөлімдерінің қызметкерлерімен бірге Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде болды.

1

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фариза Абзеева қонақтарды лицей жұмысының барысымен таныстырды. Мұнда 1741 оқушы оқиды. Оның ішінде 192 оқушы – бірінші сынып оқушылары, ал 62 оқушы – болашақ түлектер. Тексеріс кезінде директордың орынбасары бірнеше мәселені атап өтті. Оның айтуынша, дефектолог пен психологтың кабинеттері стандарттарға сәйкес келмейді, ал спорт залында қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлме жоқ.

3

Келесі мониторинг нысаны Қызылорда ауылдық округіндегі С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі болды. Аталған ғимарат 2009 жылы "100 мектеп – 100 аурухана" бағдарламасы аясында салынған. Мектептің басты мәселелерінің бірі – бала санының шамадан тыс көп болуы. Мұнда 2897 оқушы оқиды, дегенмен мектеп небәрі 1200 орынға есептелген.

6

7

10

Сонымен қатар, партиялықтар Қызылорда қаласындағы №267 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мектеп директоры Сәбила Рахимшаева қонақтарға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырды. Биылғы оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, алайда бұл жеткіліксіз. Себебі, 1985 жылы салынған мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.

8

9


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy