Манипуляцияға жол жоқ!

dep.jpg

кадр из видео

Жуырда Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Анти-Хейт» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында ол Парламентаризм институтының сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұртай Иманғалиевпен бірге интернетте кеңінен таралып жатқан резонансты жарияланымдарды, жазбалар мен пікірлерді талқылады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ең көп талқыланып жүрген өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

– Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте жаңа Конституция жобасы туралы көптеген материалдар жарияланып жатыр, – деп атап өтті М. Магеррамов. – Өкінішке қарай, олардың кейбіреуі шындыққа сәйкес келмейді. Осы шығарылымда біз жобаға қатысты негізгі нормаларды талдап, нақты фактілерді қауесеттен, манипуляция мен фейктерден ажыратуға тырыстық.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy