Қазақстан Халық партиясы "Қауіпсіз мектеп" акциясын жалғастыруда. Аталған жоба аясында ҚХП өңірлік филиалдарының өкілдері белсенді азаматтармен және мамандармен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізеді.
Осы ретте, Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаев өзінің орынбасары Кан Кенеспаевпен және білім бөлімінің әдіскері Ақылбек Тасжүрековпен бірге Семей қаласының №32 және №33 орта мектептеріне барды. Партиялықтар білім беру мекемелерінің басшылығымен кездесіп, тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сонымен қатар, ҚХП Ақмола облыстық филиалының қызметкері Арман Тастамбеков те Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназияда болды. Мониторинг жүргізу барысында ол директордың м.а. Дана Қонқашевамен кездесті. Д.Қонқашева өз кезегінде қонаққа сыныптарды көрсетіп, экскурсия өткізді және мектеп оқушыларды қабылдауға толық дайын екенін растады. Биылғы жаңа оқу жылында аталған мектепте 2920 оқушы білім алмақ.
Жергілікті кітапхана басшылығының мәліметінше, гимназия қажетті оқулықтармен және әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "СОП Қорғау" күзет фирмасымен шарт жасалған. Сәйкесінше, мектептегі күзет бекеттері дабыл түймелерімен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Сонымен қатар, партиялықтар №11 қалалық мектеп-гимназияда мониторинг жүргізді. Мұнда 1 қыркүйекте 1128 оқушы келеді, олардың 86-сы бірінші сынып оқушылары. Оқу жылына дайындық сәтті аяқталды: гимназия оқу және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді, уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемедегі қауіпсіздікке "Базис 2016" компаниясы жауапты. Мұнда да күзет бекеті бейнебақылаумен және жедел әрекет ету үшін дабыл түймесімен жабдықталған.
– Біз мектептің жаңа оқу жылына дайын екенін және балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шара қабылданғанын көргенімізге қуаныштымыз. Қазақстан Халық партиясы білім беру нысандарын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыра береді, – деді А.Тастамбеков.