Мектептегі қауіпсіздік басты назарда!

Қазақстан Халық партиясы еліміздің білім беру мекемелерінің ахуалын бақылау жұмыстарын жалғастыруда. "Қауіпсіз мектеп" акциясы шеңберінде партиялықтар қоғам бірге балалардың қандай жағдайда білім алып жатқанын тексереді.

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Борис Лаврентьев әріптестерімен бірге қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Халық қалаулылары Сәкен Сейфуллин атындағы №11 мектепке және №20 орта мектепке барды. Мұнда олар ғимараттарда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен және оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен танысты.

1

– Депутаттар мектеп басшылығына бірқатар олқылықтарды түзету жөнінде нұсқау берді. Келесі оқу жылына дейін қосымша рейдтер жүргізіліп, кейбір мәселелер біздің комиссия отырысында талқыланатыны айтылды, – дейді мәслихат өкілдері.

2

Қазақстан Халық партиясының Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қаласындағы №7 мектепке мониторинг жүргізді. Қонақтарға мектеп бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылды. Сәйкесінше, тексерушілер жайлы, жарық және жақсы жабдықталған кабинеттерді, спортзалды, интерактивті экраны бар акт залын, компьютерлік сыныпты, спорт алаңын және т.б. өз көзімен көрді.

1

2

– Мектеп толыққанды білім алу үшін барлық дүниемен. Алайда, соған қарамастан комиссия бірнеше кемшілікті анықтады. Олар жақын арада жойылады деп үміттенеміз, – деді партиялықтар.

ҚХП Маңғыстау филиалының өкілдері Ақтаудағы И.Жанболатова атындағы №15 мектепке барды. Онда да жаңа оқу жылына дайындық барысы тексерілді. Мекеме басшылығы педагогтар арасында кадр тапшылығы барын айтып, шағымданды.

5


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy