Қазақстан Халық партиясы еліміздегі балалардың білім алу жағдайы мен оқу кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын тексеруде. Бүгінде "Қауіпсіз мектеп" акциясы аясында партиялықтар қоғам белсенділерімен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп оқу орындарына мониторинг жүргізіп жатыр. Науқан 30 тамызға дейін созылады.
Осы ретте ҚХП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бақтияр Жандарбеков пен оның орынбасары Баймырза Омаров Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде партиялық бақылауды жүзеге асырды. Олар Т.Тәжібаев атындағы №47 мектепке, М.Мәметова атындағы № 35 мектепке және және А.С.Пушкиг атындағы № 1 барып, мән-жайды біліп қайтты.
Қазір аталған мектептерде жаңа оқу жылына белсенді дайындық жүріп жатыр. Ғимараттарда жөндеу жұмыстары аяқталуда. Партиялықтар мектеп директорларымен кездесіп, білім беру, инфрақұрылым, оқушылар мен педагогтарды әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Осындай мониторинг Семей қаласында да жүргізілді. Абай облыстық филиалының басшысы Айдын Егеубаев пен оның орынбасары Кан Кенеспаев білім ордаларының оқушыларды қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтау үшін №13 және №10 мектептерге барды.
Сондай-ақ осы мақсатта ҚХП Атырау облыстық филиалы да Атырау қаласының №3 мектеп-гимназиясында тексеру жұмыстарын жүргізді.