Қазақстан Халық партиясы оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етуге ат салысуда. Қазір партия "Қауіпсіз мектеп" акциясын өткізуде, оның мақсаты білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына қоғамдық бақылау жаса. Науқан 30 тамызға дейін жалғасады.
Мониторингтік іс-шаралар аясында ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының партия мүшелері Петропавл қаласындағы № 17 ұлттық жаңғыру орта мектебі-кешеніне барды. Тексеру төрағаның орынбасары Болат Қожахметовтың басшылығымен жүргізілді.
Мектеп-кешенде 10 ұлттық-мәдени орталық, сондай-ақ өз мұражайы бар. Бұл халқымыздың ана тілін, тарихы мен мәдениетін зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу орны. Оған қоса бұл мектеп ҚХА өтініші бойынша ұлттық бөлімшелер жалпы білім беретін сыныптар базасында дамыған ҚР-дағы жалғыз білім беру мекемесі болып табылады.
Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, оның материалдық-техникалық базасы, ағымдағы және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы, қайырымдылық акциялары мен шығармашылық іс-шаралар туралы барлық ақпаратты қонақтарға мектеп директоры, Педагогикалық және қоғамдық салада көпжылдық жұмыс өтілі бар қалалық мәслихат депутаты Ләззат Жалмұқанова айтып берді. Ол сондай-ақ мектептегі мәселере жөнінде, оның ішінде кадр мәселесі туралы айтты: мұғалімдер мен мектеп психологтары жетіспейді. Сонымен қатар, мектепте бала саны өте көп, жүктемі шекті мөлшерден асып кеткен.
– Бүгінгі таңда мектепте 2000-нан астам оқушы оқиды, алайда, мектеп 700 оқушы арналған, – деді Жалмұқанова.
Мектептің оқу ғимараты 4 қабатты ғимаратта орналасқан. Онда З9 оқу кабинеті орналасқан, оның ішінде 8 жаңа модификациядағы кабинеттер: химия, физика, биология, тарих, информатика кабинеттері және мультимедиялық-лингафондық тіл кабинеттері. Сонымен қатар, екі спорт залы, акт залы, шеберханалар мен асхана бар. Оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Мектеп екі ауысымды, бес күндік режимде жұмыс істейді.