Мектептердегі жөндеу жұмыстары партия назарында

Қазақстан Халық партиясының филиалдары "Қауіпсіз мектеп" акциясы аясында білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде. Аталған шара балалардың жайлы және қауіпсіз жағдайда білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Науқан 30 тамызға дейін жалғасады.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалының өкілдері партияның орталық аппаратының өкілдерімен және оның басшысы Нұрдәулет Оразхановпен бірге Тараз қаласындағы № 64, №1, №4, №53, №30 және №13 мектептерге барды.

1

2

Қазір аталған оқу орындарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп басшылары бұл жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз деп сендірді. Олар мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы сатып алынған материалдар көбіне сапасыз болатынын айтып, шағымданды. Сондықтан да мәселені демеушілердің көмегімен шешу керек.

3

Мектеп медбикелері вакцина салуға қарсы ата-аналар көбейгенін айтса, мектеп психологтары жүктеменің шамадан тыс көп екенін жеткізді. Мектептерде орын жоқ. Бала саны әр маманға шпққанда 1000-нан асып кетеді. Сәйкесінше әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізуге мүлде мүмкіндік жоқ.

4

Сондай-ақ партиялық комиссия бөлмелердің жабдықталуымен, асханалар мен спорт залдарының жұмысымен танысты, сондай-ақ бейнебақылау камераларының, дабыл түймелерінің, турникеттердің және т.б. қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын тексерді. Мектептер арнайы күзет компаниясымен шарт жасасқанымен күзетшінің қызметін көбіне зейнеткерлер атқарады. Мұның себебі – жалақының төмендігі. Оқытушылардың айтуынша, білім беру органдарындағы күзетшілердің жалақысы шамамен 60 мың теңгені құрайды.

5

6

– Кез келген мәселенің түбірі жоғарғы органдардың шешіміне және қаржыландыруға келіп тіреледі, – деді педагогтар.

ҚХП Маңғыстау облыстық филиалының партия мүшелері Ақтау қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектепті тексерді. Ондағы мектеп басшылығы кадрлардың жетіспейтінін айтып, шағымданды. Нақтырақ айтқанда, мектерде бастауыш сынып мұғалімдері, тарихшылар, география, математика және информатика пәні мұғалімдері жоқ. Яғни, оқу жылы басталғанға дейін осы мәселені шешу қажет.

7

8

9


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy