Мемлекет басшысының Жолдауы – оң өзгерістердің бастауы!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум, Салық кодексі бойынша жұмысты ұзарту, реформаларды заңнамалық тұрғыда іске асыру, активтерді қайтару және тағы да басқа мәселер жөнінде айтты.

ҚР Парламентінің жаңа саяси маусымы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзімен ашылды. Президент өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді.

Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.

– Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп, – деді Президент.

1

Соңғы бес жылда ауқымды реформалар жүзеге асырылды, саяси жүйе түбегейлі трансформациядан өтті, саяси және қоғамдық өмірді, ұлттың менталитеті мен мәдени кодын жаңарту басталды, экономиканы әртараптандыруға жаңа серпін берілді.

– Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұларды жүзеге асыру үшін қандай ұсыныстар айтты? Ең алдымен, экономиканың нақты секторын кредиттеумен айналысу. Президент Үкімет пен Ұлттық банк осы мәселенің оңтайлы шешімін бірлесіп әзірлеуі тиіс екенін айтты. Яғни, банктерді осы секторға көбірек қаражат салуға ынталандыру қажет. Сонымен қатар, олар бюджет ақшасын тиімді пайдалануға және шығындарды қатаң бақылауға бағытталған шаралар қабылдау керек.

– Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруларға оңды-солды шашуды доғару керек. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

2

Елімізде салық режимдерін оңтайландыруға бағытталған салық реформасы жалғасуда. Қарапайым, түсінікті және объективті түрде жаңартылған Салық кодексімен жұмыс, сондай-ақ осы саланы одан әрі цифрландыру шарасы жалғасатын болады.

Елдегі инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды. Осы ретте Президент халықаралық қаржы институттарының қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сапалы дайындауға назар аударуға шақырды. Агроөнеркәсіптік секторда Тоқаев Мемлекеттік қаржыландыру үлесін азайтуды, коммерциялық банктердің қаражатын тартуды және тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеуге көшуді ұсынды. Жер – ауылшаруашылығына инвестиция тартудың басты кепілі. Сондықтан оның тізімін ретке келтіру өте маңызды. Елдің өнеркәсіптік әлеуетін толыққанды пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Экономиканы қайта құрудағы маңызды қадамдардың бірі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу.

– Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек, – деп Президент Үкіметке тапсырма берді.

Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.

– Экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Атом электр станциясын салу мәселесіне және жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын, – деп мәлімдеді Президент.

3

Елімізді алдағы уақытты көптеген сала бойынша өзгерістер күтүіп тұр. Олар: авиациялық тасымалды дамыту, автомобиль және темір жол магистральдарын жөндеу, жаңа технологияларды енгізу және жасанды интеллектті қалыптастыру, отандық ирригацияны жандандыру және еңбек нарығын жоғары білікті кадрлармен толықтыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау, сондай-ақ "еңбек адамы" мәртебесінің өсуі, медициналық сақтандыру және әлеуметтік сала жүйесін қайта жүктеу, экологияны қорғау және мемлекеттік басқаруды жетілдіру, идеологияны бекіту, қоғамдағы құқық үстемдігі мен толеранттылықтың үстемдігі.

– Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

4

ҚХП парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Мемлекет басшысының жолдауы "біздің қоғамды толғандыратын сұрақтарға әрдайым жауап беретінін" атап өтті.

- Мен соның ішінде АЭС құрылысы бойынша референдум туралы мәселені бөліп көрсетер едім. Ел үшін кез келген маңызды қадамды халықтың қолдауымен қабылдау қажет, – деді Фракция басшысы.

Қазақстан Халық партиясы АЭС салу идеясын қолдайды. Депутаттар бұл мәселені жан-жақты зерттей келе, Қазақстанда атом электр станциясын міндетті түрде салу қажет деп есептейді.

– Бүгінде бүкіл әлемде оның экологиялық таза әрі арзан электр энергиясы екені белгілі. Тек осылайша біз экономикамызды бәсекеге қабілетті ете аламыз. Өнеркәсіп дамып, халық саны өсіп келеді. Экономикалық аутсайдерлер қатарында болмас үшін бізге атом электр станциясын салу өте маңызды, – дейді Магеррам Магеррамов.

Салықтық әкімшілендіру мәселесі өте өткір және ауыр болып қала береді. Отандық кәсіпкерлердің үлкен үміттері және мемлекеттің әлеуметтік саясатын одан әрі қалыптастыру жаңа Салық Кодексімен байланысты.

– ҚХП депутаттық фракциясының осы кодекске енгізуді көздеп отырған тұжырымдалған ұсыныстары бар. Қыркүйек айының соңында Мәжіліс қабырғасында үлкен сараптамалық кездесу жоспарланған. Сонда біз өз ұсыныстарымызды айтамыз, – деп атап өтті М.Магеррамов.

6

Әрине, заңгер ретінде Магеррамов қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру идеясын да мақұлдайтынын жеткізді.

– Онсыз біз алға жылжымаймыз. Сондай-ақ алдағы уақытта орта және жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей заңгерлік оқыту енгізіледі деп үміттенемін. Бұл өте маңызды, – деп түйіндеді Фракция басшысы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy