Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Найля Аппасова «Ұлытау Нан» ЖШС ұжымымен кездесті.
Спикер еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Партия өкілі мемлекет көпбалалы отбасында тәрбиеленген балаларға жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім беруге тиіс екенін мәлімдеді.
– Халық партиясы әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп баланы тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді. Біз мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді жақтаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін олар мүгедектік бойынша жәрдемақы мен зейнетақыны қатар алуы керек, – деді Н. Аппасова.
Сөз арасында ол жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, халыққа төмен мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Өз кезегінде «Ұлытау Нан» ЖШС ұжымы алдағы сайлауда Халық партиясына дауыс беретіндерін айтты.