Мемлекетке тәуелсіз соттар керек!

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қуат Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысында ARTSPORT реформасына қатысушылармен кездесті.

Халық партиясы ARTSPORT қозғалысын қолдаған жалғыз партия. ҚХП алдағы уақытта да балалар мейірім мен қамқорлықты сезініп, шығармашылықпен айналысуын қалайды.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Абай облысындағы Ұлттық ядролық орталық ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партияның мақсаты – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі әділетті қоғам құру! Мемлекетке тәуелсіз соттар, халық сайлаған әкімдер керек!

Алматыда Мәжіліс депутаттығына кандидат Гүлбазар Медиева Д.А.Қонаев атындағы институт ұжымымен кездесіп, онда ғалымдардың мәртебесін көтеру мен кадр даярлау мәселесін тілге тиек етті.

Партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Талғат Төремұратов Шалқар өңірінің тұрғындарына партия мен оның алға қойған мақсаттары туралы айтты. Онда жер, жол, су және ана мен баланы қолдау мәселелері сөз болды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy