Мемлекеттік қызметтер порталы: не ұсынады, соны алыңыз

dep.jpg Үкімет Қазақстан Халық партиясының мүгедектігі бар адамдарға арналған кейбір мемлекеттік қызметтерді монетизациялау жөніндегі ұсынысын «назарға алуға» уәде берді. Бұл бастаманы депутат Кенжеғұл Сейітжан көтерген болатын.

Монетизация арқылы ерекше қажеттілігі бар адамдар қажетті техникалық көмекші компенсаторларды ала алады. Қазір олар шенеуніктер жоғары бағаға сатып алған сапасыз тауарларды пайдалануға мәжбүр. Бюджеттен мүгедектігі бар бір азаматты қамтамасыз етуге жылына 4 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетініне қарамастан, мүгедектігі бар адамдар өзіне қажетті заттың шығынын өз есебінен өтейді.

– Мемлекеттік қолдау лотереяға ұқсайды, көп жағдайда ұтыласың – деді К.Сейітжан.

Үкіметтің депутатқа берген жауабында: «Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді, өндірушілер мен жеткізушілерді өз бетінше таңдайды» деп жазылғанын оқығанда таң қалды. – Мүгедектігі бар адамдардың барлығы бірдей порталдың қызметін өз бетінше пайдалана алмайды, – деді мәжілісмен. – Бұл – цифрлық кемсітушілік.

Портал нашар көретіндерге дұрыс бейімделмеген. Зағиптар оның қызметін пайдалана алмайды. Себебі дыбыстық сүйемелдеу жоқ. Мүгедектігі бар қазақ тілді пайдаланушыларда да осындай мәселе бар. Портал мүгедектігі бар адамдарға бейімделгендей болды, алайда іс жүзінде нәтиже бермеді. Қазірге дейін сапасыз немесе жарамсыз тауарды айырбастау мүмкіндігі жоқ.

– Мысалы адам таяқ алады, ол қысқа болады. Мүгедек адам оны қалай айырбастайды? – деді депутат. – Мұндай механизм жоқ, ол қарастырылмаған.

Монетизация мүгедектігі бар адамдарға қажет нәрсені таңдауға мүмкіндік берсе, онда порталда: «Не ұсынады, соны алыңыз» деген қағида қолданылады және оның бағасы қымбат болады. Алайда бұл туралы үкіметтің жауабында ештеңе жазылмаған.

Қазір Кенжеғұл Сейітжан депутаттық сауал әзірлеу үшін заңгерлермен кеңесіп жатыр. Депутат болашақта мемлекеттік қызмет алу кезінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын қорғайтын әлеуметтік кодекске түзету енгізу бастамасын көтермекші.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy