Қазақстан Халық партиясы Қостанай облыстық филиалының өкілдері партия ардагері Леонид Дячковты 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Леонид Васильевич Дячковтың ғұмыры сынаққа толы болды. Ол Ұлы Отан соғысы басталғанда небары 13 жасар бала еді. Кейіпкеріміз оккупацияны, Освенцимнің қорқынышты өлім лагерін және Отанына аман-есен оралу кезеңін бастан кешірді. Кейін Кеңес Армиясының құрамында соғысып, Суворов училищесіне жолдама алды.
Бейбіт заманда, жас кезінде парашютпен секіріп (жүзден астам секіру), тың және тыңайған жерлерді игерді және құрылыс саласында жұмыс істеді. Шарғайған шағында жергілікті ардагерлер кеңесін басқарды. Бүгінгі таңда ақсақал 95 жастың белесін бағындырып отыр.
Леонид Дячковтің партиялық тәжірибесі 1954 жылдан бастау алады. Ол үнемі белсенді болды және сеніміне селкеу салмады. Қазір қария Қазақстан Халық партиясының қатарында.
– Леонид Васильевичтің қатал тағдыры жас ұрпақ үшін табандылық пен қайсарлықтың озық үлгісі болып табылады, – деп атап өтті ҚХП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Андрей Коваль. – Мерейтой иесіне денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!