Мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршылары тиісті еңбекақымен және оған қосымша әлеуметтік қызметкерлер ретінде рәсімделетін болады. Қазақстан Халық партиясы бұл мәселені алты жыл бойы көтеріп, қол жеткізді.
2016 жылы ҚХП парламенттік фракциясы мүгедек балаларға күтім жасайтын ата-аналар мен қамқоршыларды әлеуметтік қызметкерлермен теңестіру туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс қисынды болды. Себебі, сырқат балаларына байланған ата-аналар көбінесе, тұрақты жұмысқа да, зейнетақы жинақтарына да қол жеткізе алмайды.
– Біз Үкіметке осындай ата-аналар мен қамқоршыларға тиісті жалақысы мен аударымдары бар әлеуметтік қызметкер мәртебесін беруді ұсындық, – деп атап өтті ҚХП-дан депутаттық сауалдың бастамашысы, мәжілісмен Магеррам Магеррамов.
– Тек осылай ғана біз осы санаттағы азаматтарға зейнеткерлік жасқа жеткенде қамқорлықсыз қалмауға көмектесе аламыз. ҚХП бұл идеяны БАҚ-қа берген сұхбаттарында, партиялық аккаунттарда және барлық қолжетімді ақпараттық алаңдарда үнемі алға тартты. Уақыт өте келе ұсыныс тыңдалып, тіпті, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына енді. Жақында ғана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 1-топтағы мүгедек адамдардың туыстары барлық қажетті төлемдермен жеке көмекші ретінде ресімделетінін хабарлады.
– Бұл әртүрлі өмірлік себептерге байланысты өз өмірін отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға арнауға мәжбүр болған азаматтарымызды әлеуметтік қорғауға жасалған үлкен қадам, – деп түйіндеді Магеррамов. – Әлеуметтік салада жинақталған барлық мәселелерді бірден шеше алмайтынымыз анық. Бірақ қазір әділ әлеуметтік өзгеріс болып жатқаны сөзсіз.