Министрлік қоғамдық даудан соң түлектерге қосымша грант бөлді

dep.jpg

ҰБТ-дан жоғары балл жинағанына қарамастан мемлекеттік гранттан құр қалған талапкерлер өз құқығын қорғап, мақсаттарына жетті. Бұл ретте оларға заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер, Мәжіліс депутаттары және Қазақстан Халық партиясының өкілдері көмек көрсетті.

Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрлігінде болған жанжал туралы жазған едік. ҰБТ-да жоғары балл жинаған біршама үздік талапкерлер ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігін иелене алмай қалған болатын. Себебі, мемлекеттік гранттардың 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың түлектеріне бөлінген. Осылайша, квоталық талапкерлер төмен балл алса да, бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алды. Ал олардың талантты әрі білімді қатарластарына ҒжЖБ министрлігі әкімдіктер мен қайырымдылық қорлары бөлетін грант конкурстырына қатысып, бақ сынауды ұсынды.

– Оларға басқа балалардың есебінен көмектескені белгілі болды, – деп талапкер Медина Майсар наразылығын білдірген еді.

Ол шенеуніктердің осы бір озбырлығынан зардап шеккен басқа талапкерлермен бірігіп, министрлікке қарсы сотқа шағым түсірді. Сонымен қатар, "ТЖ квотасы" бойынша грант бөлу заңнамамен реттелмеген болып шықты. Яғни, бұл –заңсыз.

Министрлік осы әрекеттен соң әділетсіздікке ұшыраған талапкерлер үшін қосымша гранттар бөлді.

– Бұл біздің алғашқы үлкен жеңісіміз! Мемлекеттік гранттарды бөлуді қайта қарауына қол жеткіздік! Тізім грант алушылардың жаңа есімдерімен толықтырылды. Олардың ішінде мен де барамын, – деді Медина Майсар.

Талапкер қиын сәтте оны қолдаған барша азаматқа: заңгерлерге, құқық қорғаушыларға, әлеуметтік желі пайдаланушыларына, журналистерге және т.б. шын жүректен алғысын білдірді.

– Олар зардап шеккен талапкерлерді көпшілік алдында қолдады, өз ұстанымдарын мәлімдеп, ТЖ квотасының заңсыз екендігі туралы маңызды баяндамалар жасады, – деп атап өтті Медина Майсар.

Ал Мединаның болашақта заңгер болғысы келеді. Ол "құқық" мамандығына түсті.

– Мен болашақ мамандықты дұрыс таңдағаныма тағы да көз жеткіздім. Заңдарды білу және құқығыңды қорғай білу адамның тағдырын өзгерте алады, – дейді талапкер.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy