Жаңғырту ма, әлде жою ма?

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін емханаларда сақталып келген педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр. Балалар енді ата-аналарымен бірге отбасылық дәрігерлерге тіркеледі. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталған – 1770 учаскенің 1421-і ғана қалған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, әңгіме педиатриялық учаскелерді қысқарту немесе жүйені әлсірету туралы емес, балаларды медициналық сүйемелдеудің жаңа кеңейтілген кешенді моделін енгізу жайында болып отыр.

Өткен жылдың маусым айынан бастап тұрғылықты жері бойынша емханаларда 366 педиатриялық бөлімше ашылған. Министрлік атап өткендей, мұндай бөлімшелердің құрылуы балалардың денсаулығын туған сәтінен бастап жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, даму бұзылыстарын ерте анықтауды күшейтуге, мультидисциплинарлық тәсілді енгізуге, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен педиатрлар арасындағы үйлестіруді арттыруға, сондай-ақ мамандандырылған көмекті отбасының тұрғылықты жеріне жақындатуға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде негізгі рөл барлық отбасы мүшелерінің, соның ішінде балалардың денсаулығын бақылайтын жалпы тәжірибелік дәрігерлерге жүктеледі.

– Егер (отбасылық дәрігер - авт.) даму ерекшеліктерін анықтаса, бала Даму және ерте араласу орталығына жіберіледі. Онда оны мультидисциплинарлық мамандар тобы сүйемелдейді, – деп түсіндірді ведомство. – Мұндай топтың құрамына педиатр, патронаждық мейірбике, реабилитолог, логопед, психолог және басқа да мамандар кіреді.

Айта кету керек, бұл жаңалық қазақстандықтар арасында айтарлықтай қолдау таппады. Әлеуметтік желілерде министрлікке жоғары оқу орындарында педиатрия мамандығын «оңтайландыру» әрекеті еске салынды. Ол кезде бұл қадам педиатрияның дербес мамандық ретінде жойылуына шақ қала жаздап, «балалар» дәрігерлерінің тапшылығына әкелген еді. Қазір педиатрия қайтадан оқу бағдарламаларына енгізілгенімен, педиатр дәрігерлер әлі де ең тапшы мамандардың қатарында.

Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова кезекті «жаңғыртуға» қарсы екенін білдірді.

– Бұл педиатрияны реформалаудың екінші толқыны ма? – деп пікір білдірді мәжілісмен. – Бірінші толқыннан кейін әрең қалпына келтірілген саланы қайтадан өзгерту ме?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy