Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалы «Үміт» мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатты филиал төрағасы Халел Мақсұтов пен ерікті қоғамның басшысы Валентина Власова рәсімдеді. – Ынтымақтастықтың мақсаты Қарағанды облысындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін білдіру. Оларға жан-жақты қолдау көрсету, – деп атап өтті құжатқа қол қойған азаматтар.
Тараптар облыс аумағында мүгедектігі бар адамдардың заңды мүддесін іске асыруды қамтамасыз ететін пәрменді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға ниет танытып отыр. Бұған қоса мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға, олардың бірлестіктерімен тығыз байланыс орнатуға және ағарту жұмысымен айналысуға басымдық бермекші. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен семинар, конференция ұйымдастыру жоспарланған.