Инклюзивті саясат: нақты қадам және нәтиже

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Қазақстан Халық партиясының депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқығы жөніндегі уәкіл, «Инклюзивті Парламент» тобының өкілі Кенжеғұл Сейтжан еліміздегі инклюзивті саясатты ілгерілеткені үшін партияға алғыс білдірді.

Мәжіліс депутаты әрі омбудсменнің айтуынша, партияның парламенттік фракциясы депутаттарының барлық бастамалары, оның ішінде өзі сияқты көру қабілеті бұзылған депутаттың ұсынысы тиісті қолдау табуда.

– Әлеуметтік осал азаматтардың құқығын қорғау мәселелеріне басымдық беріледі, – деп атап өтті К. Сейтжан. – Өзекті мәселелерді партия басшылығы мен фракция кейінге қалдырмай, бақылауға алып, нақты нәтижеге қол жеткізеді.

Партия әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқығы жөніндегі уәкілдің кеңсе желісін ашты.

– Бұл жай формалдылық емес – бұл адамдардың мәселелері нақты шешілетін жұмыс алаңы, – деді К. Сейтжан. – Партияның қолдауымен менің өңірлік өкілдер – әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқығы жөніндегі уәкілдер желісін құру жөніндегі бастамам тек қолдау тауып қана қоймай, қазір Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеп тұр.

Партияның өңірлік филиалдарымен бірлесіп, уәкілдер халықпен практикалық кездесу өткізіп, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырып, инклюзивті және қолжетімді ортаны дамытуда.

– Ерекше атап өткім келеді: партия басшылығы мен өңірлердің қолдауымен инклюзивті мәдениетті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, – деп нақтылады мәжілісмен әрі омбудсмен. – Бұл – жай декларация емес, нақты іс-әрекет!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy