Науқас екі рет төлейді

Қазақстан Халық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Анжела Горностаева «Қазақстан пациенттер одағы» ҚҚ ұйымдастырған «Пациент дауысы» атты адвокаттық кездесуге қатысты.

Азаматтарға МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету мәселесі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі болды. – Біздің мақсатымыз – пациенттер мен медициналық мекемелер арасындағы әлеуметтік шиеленіс қаупін азайту, – деп атап өтті кездесуге қатысушылар. – МӘМС жүйесіне шағым көп түсіп жатыр.

Емдеу режимі қатты сынға ұшырады. Енді қабылдауға келу үшін науқас алдымен «Damymed» бағдарламасы арқылы терапевтке талон алуы керек. Бағдарлама іс жүзінде жұмыс істемейді. Пациент тіркелсе де, дәрігердің алдына «тірі» кезек арқылы ғана кіре алады. – Бұл бағдарлама өзін ақтамады, – деді Анжела Горностаева. – Дәрігерге жазылу өте қиын.

Терапевт науқасты салалық маманға жібереді, алайда пациент бұл жерде де бюрократияға тап болады. Мамандарда қан тапсыру, УДЗ өту сынды қосымша тексеруге жолдама беру құқы жоқ.

– Науқас терапевтке қайта оралуы тиіс немесе дәрігерге дейінгі кеңсеге баруы керек, – деп шағымданды кездесуге қатысушылар. – Бұл үшін тағы да кезекке тұру қажет.

Науқастар ақылы клиникаларға баруға мәжбүр. Сонда біз не үшін сақтандыру жарнасын төлейміз? Салалық мамандарға жолдама беру құқығын ұсыну оңай емес пе? Немесе дәрігерге дейінгі кеңселердің санын арттыру керек пе?

Пікірталас барысында туберкулезбен және АИТВ-мен ауыратын науқастарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері: оларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қандай қызметтер ұсынылады және осы санаттағы өкілдер мемлекеттен қандай қолдауға ие бола алады деген сұрақ талқыланды.

Кездесу қорытындысында емханаларда қабылдау жүйесін жаңғырту және әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды енгізу бойынша ұсыным әзірленді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy