Жаңашыл реформа

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзіне пікір білдірді.

ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл – Қазақстан тарихындағы бетбұрыс деп атауға болатын оқиға.

1

– Мемлекет басшысы еліміздің жаңа келбетін ұсынды. Бірпалаталы Парламент құру ерекше маңызға ие, – деп мәлімдеді мәжілісмен. – Парламенттік, дәлірек айтқанда Конституциялық реформа – елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалардың заңды жалғасы.

М.Магеррамов Тоқаевтың сөзінде «Заң мен тәртіп» қағидатына адалдық, қазақстандық қоғамның пікірін айқындайтын алаңға айналатын Қазақстанның Халық Кеңесін құру, вице-президент лауазымын енгізу және азаматтардың өмірлік маңызды мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелер атап өтілгенін айтты. Сонымен қатар құрамына 100-ден астам адам кіретін Конституциялық комиссия қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылғанына тоқталды.

– Қоғамдық әлеуметтік топтар мен салалардың кең ауқымы қамтылады. Жаңа Конституция әзірленеді, – деп түйіндеді депутат. – Бұл шын мәнінде ұжымдық шешімнің нәтижесі болады!

Халық кеңесінің маңыздылығын ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да атап өтті.

2

– Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қазіргі Ұлттық құрылтайдың функциялары айқындалады, – деп нақтылады ол. – Бұл өте маңызды мәлімдеме. Дәл қазір барлығымыз өзімізді қазақстандық ретінде сезінеміз. Біз жекелеген ұлттарға бөлінбейміз, біз шын мәнінде біртұтас халықпыз. Бұл – дер кезінде жасалған аса маңызды ұсыныс!

Партия атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Конституциялық комиссияның құрылуы шешім қабылдау үдерісіндегі қоғамдық талқылаудың рөлін күшейтетініне сенім білдірді. Ал халық кесімді сөзін референдумда айтады.

3

– Саяси жүйедегі дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отырған елге Президент трансформациялауға бағытталған маңызды қадам ұсынды, – деп атап өтті И. Сұңқар. – Мемлекет басшысы Қазақстан инновацияларды белсенді енгізіп, мемлекеттік шешім қабылдау барысында батыл әрі дәстүрлі емес ұсыныстар үшін жауапкершілік алуы тиіс екенін айтты. Бүгін маңызды әрі мәні зор бастамалар көтерілді.

Оның әріптесі, парламентарий Асылбек Нұралин бірпалаталы кәсіби парламент қалыптастыру бастамасын қолдайды және унитарлық мемлекеттік құрылым жағдайында парламентті партиялық тізім бойынша жасақтауды орынды бастама деп санайды.

4

– «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» принципін іске асыру әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің негізгі іргетасы болып табылады, – деді мәжілісмен. – Ал бұл – ұлт бірлігін нығайту, аймақтардың тұрақты дамуы, еңбек адамын қолдау және азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру дегенді білдіреді.

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан да Мемлекет басшысының бастамаларын жоғары бағалады.

5

– Мен адам, мүгедектігі бар азамат, инклюзивті қоғамды қолдайтын және омбудсмен қызметін атқаратын уәкіл ретінде жастарға, әйелдерге сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған квоталардың сақталуын ерекше атап өткім келеді, – деді мәжілісмен. – Бұл халықтың барлық тобы мен санатының дауысы естіледі деген сөз. Мен үшін бұл – аса маңызды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy