Жаңа Конституция – біздің міндетіміз!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Павлодар облысындағы жұмыс сапарын жалғастыруда. Депутат «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция спикерлер тобының құрамында сайлаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Коалиция мүшелері аймақта Конституцияны түсіндіру бойынша бірқатар кездесулер ұйымдастырды. Олар ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің педагогтері мен курсанттарымен, «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек ұжымымен, Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары мен студенттерімен және т.б. жүздесті.

– Реформалар мемлекеттің орнықты дамуы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырудың негізіне айналуы тиіс, – деп атап өтті Ислам Сұңқар.

ҚХП өз қызметінде жүйелі түрде көтеріп келген көптеген мәселелер жаңа Конституция жобасында объективті шешімін тапты. Атап айтқанда, бір палаталы Парламентке көшу, еңбек ету құқығы, азаматтардың құқықтарын қорғау (соның ішінде цифрлық ортада), коммерциялық емес ұйымдардың шетелдік қаржыландырылуы туралы ашық ақпарат және тағы басқа маңызды нормалар қарастырылған.

ҚХП жаңа Конституция жобасын қолдайды. Соның ішінде халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы да қолдау білдіріп келеді.

– Біз адами капиталды дамытуға басымдық беріліп отырғанын көріп отырмыз, – деп өз пікірін негіздеді И.Сұңқар. – Конституцияның преамбуласының қаншалықты өзгергенін байқаймыз. Ол шын мәнінде мемлекетіміздің өткенін, бүгіні мен болашағын ұштастырып, дамуға негізделген айқын бағытты айқындайды. Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған барлық саяси реформалардың заңды әрі логикалық жалғасы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy