2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі болып қалады. Бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған партия мүшелері еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беріп, таңдау жасауда.
ҚХП мүшелері референдумда бақылаушылардың да қызметін атқарып жатыр. Партия мүшелері дауыс беру процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және комиссия мүшелері міндеттерін мінсіз атқарып жатқанын атап өтті.
Дауыс беру 20.00-де аяқталады.
Пресс-служба НПК