Ғалымдар мен студенттер жаңа Конституцияны қолдайды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова жұмыс сапарымен Алматыға келді. Мұнда мәжілісмен әріптестерімен бірге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясындағы жұмысы аясында жаңа Конституция жобасын түсіндіру үшін бірқатар кездесу өткізді.

Пікірталастың бірі Алматы ботаникалық бағы ұжымымен өтті. И.Смирнова ғалымдардың қазақстандықтардың болашағына бейжай қарамайтынына көз жеткізгенін айтты.

– Ботаникалық бақтың іргетасы 1932 жылы қаланған, – деді ҚХП депутаты. – Аға буын бізге тамаша мұра қалдырды. Біз олардың ісін жалғастыруымыз керек.

Тағы бір кездесу Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтті. Бұл кездесу де мәжілісменге жылы әсер қалдырды.

– Ғылым мен жастықтың, ізденістің рухы сезіледі. Тіршілік қайнап жатыр. Технарь студенттердің көздерінен от сезіледі. Талдау мен гипотез бар. Күрделі әрі тосын сұрақтар қойылды, – деп атап өтті И.Смирнова. – Конституция жобасын жіті талдауға, әр тармағын бөлшектеп қарауға, нақты жауап алуға деген ұмтылыс байқалады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy