Реформаны жан-жақты түсіндіру

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өңірлерде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Оның сарапшылары мен қоғам белсенділерінің қатарында Қазақстан Халық партиясының өкілдері де бар.

Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалының өкілдері коалиция мүшелерімен бірге Қонаев қаласындағы қазақ орта мектеп-лицейінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ел дамуының негізгі бағыттары, мемлекеттік саясаттың басымдықтары, сондай-ақ Әділетті Қазақстанды одан әрі қалыптастыру жолындағы реформалардың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар пікір алмасуға белсенді қатысып, талқыланып отырған бастамаларға қатысты өз көзқарастарын білдірді.

1

2

– Қоғамдық тұрақтылық, азаматтық жауапкершілік және мемлекет дамуына әр азаматтың қосатын үлесі мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

3

10

Ақмола өңірлік коалиция штабының партия мүшелері де бұл жұмыстан тыс қалған жоқ. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5510 әскери бөлімінің жеке құрамымен және Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің қызметкерлерімен түсіндіру кездесулерін өткізді.

4

6

– Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде қоғамды топтастыруға ықпал етеді, – деп пікір білдірді ҚХП өкілдері. – Біз әр азаматтың белсенді ұстанымының маңыздылығына, ашық диалог пен ел игілігі жолындағы бірлескен жұмыстың қажеттілігіне ерекше көңіл бөлеміз.

5

7

Павлодарлық коалиция мүшелері де белсенділік танытты. Олардың бастамасымен коалицияның өңірлік фронт-офисінде өткен ашық диалогқа облыстың 200-ден астам тұрғыны қатысты. Іс-шарада Мәжіліс депутаттары, академиялық қауымдастық өкілдері мен қоғам белсенділері сөз сөйледі. Спикерлер қатарында ҚХП Павлодар облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Әлімбек Агибаев пен оның орынбасары Евгений Миронов та болды.

8

9

– Негізінен жаңа Конституциядағы тегін орта білім беру, сөз бостандығы, ғылыми және көркем шығармашылық еркіндігіне қатысты нормалар талқыланды, – деді олар. – Сонымен қатар адамға бағдарланған тәсіл мен азаматтардың құқықтарын қорғау республиканың дамуының стратегиялық басымдығы екені атап өтілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy