Халық жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары жаңа Конституция жобасын талқылау барысында елімізде атқарылып жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысуда. Партия өкілдері кездесу, дөңгелек үстел және басқа да іс-шаралар өткізіп, азаматтарға құжат қабылданған жағдайда жүзеге асырылатын өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіруде.

ҚХП Қостанай облыстық филиалында Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Оған жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам және партия белсенділері, сарапшылар, сонда-ақ ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты. Қатысушылар Ата заңға енгізілетін негізгі түзетулерді, азаматтардың құқығы мен бостандығына берілетін кепілдіктерді, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін, демократиялық қағидаларды дамыту мен маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезіндегі азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелерін талқылады.

1

– Талқылау ашық және конструктивті форматта өтті, – деп хабарлады ұйымдастырушылар. – Әрбір қатысушыға сөз сөйлеуге, сұрақ қоюға және ұсыныс енгізуге мүмкіндік берілді. Осындай тәсіл азаматтардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауына жағдай жасайды.

2

ҚХП Жамбыл облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын М. Әуезов атындағы кітапханада жас мамандармен және қоғам белсенділермен талқылады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді филиал төрағасының м.а. Рахман Аққозиев, орынбасары Болатбек Көлтаевпен және Тараз қалалық мәслихатының депутаты Қарлығаш Бибазаровамен бірлесіп түсіндірді. Спикерлер диалог форматының тиімділігін атап өтті және жобаны толық қолдайтынын мәлімдеді.

3

4

Партияның жамбылдық өкілдері «Имстальком» ЖШС – «Жамбыл металлқұрастыру зауыты» ұжымымен кездесті. Партия белсенділері Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, құжаттың маңыздылығына тоқталды. Талқылау қорытындысында зауыт ұжымы жобаны қолдайтындарын айтты.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті. Қатысушылар ҚР жаңа Конституцияның жобасын талқылап, пікір алмасты. Кездесу барысында ашық әрі мазмұнды әңгіме өрбіді.

5

– Талқылау ашық диалог форматында өтті, – деді партия мүшелері. – Мұндай кездесу ерекше маңызға ие, себебі әлеуметтік салада жұмыс істейтін адамдардың нақты ұсыныстары мен көкейтесті мәселелерін тыңдауға мүмкіндік береді.

6

ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаты Анжела Горностаева қалалық Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша сөз сөйледі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy