"Қауіпсіз мектеп" акциясы жалғасуда. Акция аясында Қазақстан Халық партиясының өкілдері қоғам белсенділермен және мамандармен бірлесе отырып, еліміздің білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екендігін тексеретін болады.
ҚХП Алматы облыстық филиалы №17 мектептің дайындығына мониторинг жүргізді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Батима Әлиярова әріптесі Мадияр Қожахметов бірге оқу орнының басшылығымен кездесті.
2024 жылдың жазында ғимаратта жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Онда мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қол жетімді ортаны құру мақсатында пандус және қоңырау шалу түймеск орнатылған.
Мектептегі физика, химия, биология, информатика оқу кабинеттері қажетті заттармен жабдықталған. Оның бір бөлігі "50 мектеп" жобасы аясында жасалған. Зертханаларда қажетті керек-жарақтың бәрі бар. 10 орындық кітапхана мен оқу залы біріктірілген. Ал кітапхана қорында 40 мыңға жуық бар: оқулықтардан бастап орыс және қазақ тілдеріндегі көркем әдебиетке дейін.
Сонымен қатар, мектепте баскетбол, волейбол, шығыс жекпе-жегі, дзюдо, гандбол, тоғызқұмалақ және шахмат сияқты ең танымал спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Спорт залы да толық жабдықталған. Онда 6 заманауи тренажер орналастырылған. Қыздарға арналған еңбек кабинеті электр тігін машиналары қойылған. Сонымен қатар, мектепте 2 Wi-Fi нүктесі және 480 компьютерлік техника бар. Олардың 48-і жергілікті желі арқылы интернетке қосылған. Сыныптарда, дәліздерде және көше аумағында 73 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Алайда, осының бәріне қарамастан бұл мектепте шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті. Басшылықтың айтуынша, олардың ең негізгісі – орын тапшылығы. Мектептің жүктемесі шамадан асып кеткен.
– Негізінен мектеп 1176 оқушыға арнап салынған. Ал іс жүзінде мұнда 2033 бала білім алып жатыр, – деді педагогтар партия өкілдеріне.
Сондай-ақ, мекеменің шатырды жедел әрі күрделі жөндеуді қажет етеді. Себебі, мектеп 1983 жылы, яғни, 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған.