Өңір тұрғындары Халық партиясынан көмек сұрап келді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сот озбырлығына шағымданып, Қазақстан Халық партиясына келді. Жанна Уәзірова Өскемендегі балалар үйінде болған сыбайлас жемқорлыққа және мемлекет қаржысын жымқыруға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша айыпталушы болды. Ол осы мекеменің кадр бөлімінде жұмыс істеген.

Ұзаққа созылған тергеу мен бірқатар сот отырысынан кейін Балалар үйінің директоры Гүлнәр Даниярова алдымен салғырттығы үшін сотталып, кейін істі қарау мерзімінің өтуіне байланысты босатылды. (Өскемендіктер мұндай либерализмді Даниярованың күйеуінің судья болып жұмыс істейтіндігімен байланыстырады).

Бас есепші Ботакөз Елемесова 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қызметі бойынша қаржылық құжатқа еш қатысы жоқ кадр бөлімінің өкілі Уәзірова кінәлі деп танылып, шартты түрде 3,5 жылға сотталды.

– Мен ешкімге ақша ұрлауға көмектескен емеспін, – дейді Ж. Уәзірова. – Мені алдады, аңғалдығымды өзіме қарсы пайдаланды.

Жанна Закирьяноваға бизнес, несие және күрмеуі көп мәселелер мұраға қалған екен. Пандемия қарызды өтеуге мұрша бермепті. Салдарынан жеке сот орындаушылары оның мүлкін заңсыз тәркілеп, сыбайлас жемқорлық схемасы бойынша арзан бағаға сатылуға ықпал еткен көрінеді.

– Кепілге берілген мүліктің құны нарықтағы инфляцияны есепке алмағанда ондаған есе төмендетілді, ал жеке сот орындаушылары көлеңкелі нарықта әрекет етті. Өздері бенефициар болды, – деді Ж.Закирьянова. Партия кеңсесінде шағымданушыларға консультативтік кеңес алды. Бұған қоса оларға Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің жеке қабылдауына жазылу ұсынылды.

– Саяси партия мен оның парламенттік фракциясының міндеті – азаматтарға көмек көрсету, – деді ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. – Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қабылдап, зерттеп, заңға сәйкес шара қолдану.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy