Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Борис Лаврентьев Орал қаласының тұрғындарымен кездесті.
Басқосу барысында Есқалиев 227, Тайманов 176, Сейфуллин 39 көшелерінің тұрғындары партия өкілдеріне көпқабатты үйлердің өзекті мәселелерін жеткізді.
Тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласы аядай екеніне, автотұрақтың жоқтығына, балалар ойнайтын алаңдардың тарлығына шағымданды. Бұған қоса кәріз жүйесінің сапасы сын көтермейтіне наразылық білдірді.
Партия өкілдері тұрғындарды мұқият тыңдап, олардың арызын жазып алды және оны жауапты мемлекеттік органдарға жеткізуге уәде берді.