Алатау қаласының ерекше мәртебесі – тәуелсіз басқару, қаржыландыру, жер пайдалану жүйелері және т.б. – бүкіл оңтүстік қазақстандық өңірдің дамуына негіз болуы мүмкін. Осындай пікірді Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова білдірді.
Мәжіліс депутаты Алматы облысының мәселелері мен түйткілдерін жақсы біледі, ол бұл өңірге сайлаушылармен кездесу үшін бірнеше рет барған.
– Халық тығыз қоныстанған бұл өңірде реттелмеген, абаттандырылмаған мәселелер аз емес, – деді И. Смирнова. – Соған қарамастан, өңірдің табиғаты өте көркем, өмір сүруге өте қолайлы.
Кең аумақ, бірақ жол инфрақұрылымы тозған, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелері дағдарыс жағдайында. Тарихи ескерткіштер мен жартылай заңды карьерлер ежелгі петроглифтерді қиыршық тасқа айналдыруда. Оңтүстік астананың кәріз суларына толған Сарыбұлақ көлі. Мұндай мәселелердің тізімі ұзаққа созылады.
– Депутаттар қабылдаған шешім оңтүстік өңірдегі жағдайдың жалпы өзгеруіне үміт береді, – деп атап өтті И. Смирнова. – Яғни, Алатау қаласы дамып, жұмыс орындарын ашумен қатар, халқы тығыз орналасқан әрі ерекше назарды қажет ететін еліміздің оңтүстігі де қатар дамиды.
Сонымен қатар, депутаттың пікірінше, тек шетелдік емес, отандық инвесторларға да үміт арту қажет.
– Ақшаны өз еліңе салған дұрыс екенін бәрі түсінді, – деп әзілмен айтты депутат. – Қазір ешкім күтпеген жағдайлардан сақтандырылмаған. Шетелге инвестиция салған инвесторлардың кейде өз қаражатына ықпал ете алмай, оны қайтара алмай жатқаны байқалады. Сондықтан Алатау қаласының инвесторлары қатарында көптеген қазақстандықтар болады деп ойлаймын.
Инвестициялар мен жұмыс орындарының ашылуы, өз кезегінде, мемлекеттік жүйелердің – денсаулық сақтау, білім беру және т.б. – дамуына оң әсер етеді.
– Бұл даму синергиялық нәтиже береді. Яғни, шартты түрде айтқанда, мемлекет пен инвестиция бірігіп, екі емес, он бір нәтиже береді, – деп түсіндірді И. Смирнова. – Өйткені көші-қонға байланысты халық санының артуы сапалы мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге деген сұранысты күшейтеді.
Сонымен қатар, ерекше мәртебе инвесторлардың әлеуметтік жауапкершілігін де қарастырады.
– Егер инвесторлар өз міндеттемелерін орындамаса, олармен келісімшарттар бұзылады, – деп нақтылады депутат. – Бұл заңда көрсетілген.
Еске сала кетейік, жұма күні Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң екінші оқылымда қабылданды.
@halyk_partiyasy