Қостанай облысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутатығына үміткер Ольга Березуцкая мен облыстық мәслихатқа кандидат Аружан Малқарова Рудный қаласының №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті.

Спикерлер ұжымға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

–Халық партиясы азаматтардың қауіпсіздігін мемлекет бірінші кезекте қамтамасыз ету керек деп есептейді.

–Мен мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқорлығына өмірін арнаған жандар туралы айтып отырмын. Біз бюджеттік сала қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалы мен өмір сүру жағдайын көтеруді жақтаймыз. Олар лайықты жалақы алу керек, – деді О.Березуцкая. Ол ҚХП еліміздегі капитализм жүйесін қалай өзгертуге ниетті екенін де тілге тиек етті.
Халық партиясы қазірдің өзінде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен заңдағы «Жер мен жер қойнауы халықтікі» деген бапқа түзету жасауға бастамашы болып, бұл норма Конституцияға енгізілді. Шара соңында кандидаттар халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy