Жобадан реформаларды жүзеге асыруға дейін

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның нормаларын халыққа түсіндіруді өзіне міндет етіп, оны жүзеге асыруға белсене кірісті. ҚХП-ның аймақтық филиалдары ақпараттық-түсіндіру жұмысын атқаруды жүйелі түрде қолға алды.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында партияның жергілікті филиалы мекеме ұжымымен кездесті. Іс-шара барысында ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаты Анжела Горностаева жобаның негізгі ережелері мен мақсаты және еліміздің дамуына ықпалы туралы баяндады.

1

– Кездесу ашық диалог форматында өтті: музей қызметкерлері сұрақ қойып, пікір білдірді және ұсыныстарымен бөлісті, – деді ұйымдастырушылар. –Қатысушылар жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтындарын айтып, саяси жаңғырудың мемлекет пен қоғам үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

2

ҚХП Балқаш қалалық филиалының өкілдері «Зияткер» мектеп-гимназиясының еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға филиал басшысы Қуаныш Ысқақ, Отбасын қолдау орталығының директоры, жергілікті жердегі ҚХП Әйелдер қанатының жетекшісі Әйгерім Кәрімова, сондай-ақ Ауған соғысының ардагері, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Салтанат Терлікбаев қатысты. Кездесу барысында қатысушылар Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылап, жастардың пікірін тыңдады.

3

4

5

– Мұндай кездесулер азаматтық белсенділікті нығайтып, елдің болашағына бейжай қарамайтын ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді, –деп түйіндеді партия өкілдері.

ҚХП Абай облыстық филиалы партия белсенділерімен кездесу ұйымдастырды. Партия мүшелері жаңа Конституция жобасының келешегін және құжатқа енгізілетін өзгерістердің елдің саяси жүйесін дамытуға қалай ықпал ететінін талқылады.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy