Реформалардан – саяси мәдениетке

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Қабылданған жаңа Конституция әлі көптеген пікірталастардың, талқылаулардың, ғылыми конференциялар мен ғылыми еңбектердің нысаны болады. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов осылай деп санайды.

Мәжілісмен қоғамда жаңа құжатқа деген қызығушылықтың өте жоғары екенін атап өтті. Референдумда қабылданған Конституция қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің және жеке құқығы мен бостандығының аясын едәуір кеңейтеді.

– Құқық пен бостандықтың айқын кеңеюі, сондай-ақ олардың кепілдіктерінің нығаюы мемлекеттің ең басты міндеті ретінде қарастырылады, – деп пікір білдірді ҚХП фракциясының жетекшісі. – Бірақ жаңа Конституцияның мәні – азаматтың құқығы оның міндетінсіз өмір сүрмейді және өмір сүре алмайды, сол сияқты құқықсыз міндет болмайды деген ойға саяды. Жаңа Конституция демократия деңгейін арттырады, алайда демократия – бұл шексіз еркіндік, бей-берекеттік емес екенін түсіну қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жеке құқық пен бостандықты күшейте отырып, қоғам өмірінің барлық салаларында құқықтық тәртіпті нығайтудың орынды теңгерімін қалыптастырады. Дауыс беру қорытындысы бойынша түйін жасасақ, мұны қазақстандықтардың басым бөлігі қолдады.

– Референдумға дайындық барысындағы қоғамдық-саяси жағдай мен дауыс беру үдерісін бақылай отырып, азаматтардың, әсіресе жастардың саяси мәдениетінің деңгейі айтарлықтай артқанын атап айтуға болады, – деп атап өтті М. Магеррамов. – Референдумның заң бұзушылықсыз, тыныш әрі ашық жағдайда өткеніне де ерекше тоқталған жөн. Мұны халықаралық байқаушылар да, басқа елдердің сайлау органдарының өкілдері де атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy