3 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Эльмира Әуезова Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ұжымымен кездесті. Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Халық партиясы еліміздің барлық тұрғындарына лайықты жалақыны қайтару үшін халықаралық конвенцияны ратификациялауды талап етеді.
– Барлық адам балаларын оқыту үшін лайықты жалақы алып, жақсы жағдайда өмір сүруі керек, – деді ол.
Сондай-ақ, Эльмира Әуезова Халық партиясы балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді және тегін білім беруді қолдайтынын айтты. «Еліміз әлеуметтік мемлекет болғандықтан, жоғарыда аталған қызмет түрлерін билік толық тегін қамтамасыз етуі тиіс. Біз дәрігерлер мен медбикелердің, балабақша тәрбиешілері мен күтушілердің, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтереміз» – деді. Сонымен қатар партия «Артспорт» қозғалысын қолдадайды.
– Осының арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз, – деді Э.Әуезова. Жиында зейнет жасы мәселесі де сөз болды. ҚХП әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету жұмыстарын жалғастыра бермек.