
Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын талқылау жұмысына белсенді қатысты. ҚХП парламенттік фракциясы Мәжілісте дөңгелек үстел өткізді. Оған беделді заңгерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар және қоғам белсенділері қатысты. Партияның облыстық филиалдары өңірлерде ауқымды талқылау өткізсе, партияның Орталық аппараты тақырыптық пікірталас ұйымдастырды.
Пікірталастың ұйымдастырушысы әрі қатысушысы, Мәжіліске ҚХП-дан сайланған депутат, партияның «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қазірдің өзінде халықтың қолдауына ие болып отыр. Бұған бірнеше себеп бар – құжаттың адамға бағытталуы, азаматтардың құқығы мен бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған мықты институттарды енгізу және т.б.
– Біз адам капиталын дамытуға басымдық берілгенін көріп отырмыз, – деп түйіндеді И.Сұңқар. – Конституцияның кіріспесінің қаншалықты өзгергенін аңғардық. Ол шын мәнінде мемлекетіміздің өткенін, бүгіні мен болашағын ұштастырып, даму бағытын айқындады.
Мәжілісмен ҚХП алға ілгерілеткен бастамаларға тоқталды. Ол ең алдымен бір палаталы Парламент құру мәселесіне назар аударды. 2023 жылы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау барысында партия мүшелері осындай құрылымға кезең-кезеңімен көшуді ұсынған болатын.
– Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған барлық саяси реформалардың табиғи әрі қисынды жалғасы, – деп түсіндірді И.Сұңқар. – Яғни, Парламент ықпалды, жеткілікті өкілеттіке ие болуы тиіс. Қазіргі таңда бұл бастама жаңа Конституция жобасында айқын көрініс табуда.
Сонымен қатар ҚХП фракциясы шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардан қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйымдардың ақшалай қаражаты мен активтерінің қозғалысы туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін мәселе етіп көтерген еді. Мұндағы мақсат – ішкі мемлекеттік үдеріске жасырын жүргізілетін шетелдік ықпалдың жолын кесу болатын
– Бүгінде біз жаңа Конституция жобасында мұндай норманың ресми түрде бекітілгенін көріп отырмыз, – деді ҚХП депутаты. – Менің ойымша, бұл өте маңызды. Мұндай норма қоғамның коммерциялық емес секторға деген сенімін арттырып, азаматтарды өз пікірін қалыптастыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
@halyk_partiyasy