Қоңыров Айқын Ойратұлын туған күнімен құттықтау

Құрметті Айқын Ойратұлы!

Ақжарма ақ тілегіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз. Сіз қызметі қоғам мен мемлекеттің пайдасына бағытталған тұлғасыз. Әрқашан табысты әрі құрметті болыңыз.

Халық қалаулысы, депутат және парламенттік фракция басшысы ретінде сіз түрлі кедергілерге қарамастан, өз көзқарасыңызды шебер қорғап, алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізе білетін табандылығыңызбен танымалсыз. Сіздің бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңыз Қазақстан халқының игілігіне және еліміздің тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Сіздің ынта-жігеріңіз бен өз ұстанымыңызға деген беріктігіңіз қазақстандықтардың құрметі мен сеніміне ие болуға мүмкіндік берді. Ал өмірлік және еңбек жолыңыз - Отанға қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Сіздің тәжірибеңіз бен кәсібилігіңіз мемлекеттік міндеттерді табысты шешуге ықпал етіп, сайлаушылар арасындағы беделіңіз қызметіңіздегі жоғары нәтижелерге негіз болсын.

Сіздің идеяларыңыз бен бастамаларыңыз мүдделестердің сенімді қолдауына ие болуын және жобаларыңыздың жүзеге сәтті асуын тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін.

Деніңіз сау ғұмырыңыз ұзақ болсын. Үйіңізге бейбітшілік пен амандық ұяласын!

Құрметпен, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұжымы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy