Ұстаз рухына тағзым

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының ұжымы ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровқа және оның отбасына ағасы Алтынбек Ерназаровтың дүниеден өтуіне байланысты шын жүректен көңіл айтады.

Алтынбек Шаршыбекұлы Ерназаров 84 жасында өмірден озды. Ол – саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған білікті ұстаз, талай дарынды ғалым мен ғылым докторын тәрбиелеп шығарған кәсіби педагог. Ғылыми-педагогикалық мұрасы да мол: шамамен 100-ге жуық дәріс, зертханалық сабақтар мен ғылыми еңбектің авторы. Жас мамандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру ісіне айрықша мән берді.

Алтынбек Ерназаров ұстаздық жолында бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» (1991), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003) атақтарына ие болып, ҚР Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды. Ұстаз Қорқыт ата атындағы алтын медаль мен Сырдария ауданының құрметті азаматы атағын да алған.

Алтынбек Шаршыбекұлының туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпыз.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy