Партия төрағасы Абай облыстық филиал басшысын қабылдады

dep.jpg Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХП Абай облыстық филиалының басшысы Айдын Егеубаевпен кездесті.

Басқосу барысында филиал басшысы жыл басынан бері атқарылған істерді атады. – Сайлау науқаны кезінде 695 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Сайлаудан кейін де 35 қоғамдық шаралар өтті. 2 бастауыш партия ұйымы құрылды, – деді филиал төрағасы А.Егеубаев.

Айдын Қалдыбайұлының айтуынша, Халық партиясынан облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутатына сайланған азаматтар бүгінде белсенді. Сайланған күннен бері 5 депутаттық сауал жолдап үлгерген.

Партия филиалы соңғы айдың өзінде «Әділдік жолы» және «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық меморандумына қол қойған.

Кездесуде айтылған өзекті мәселелер – аймақ экологиясы, әкімдер сайлауы болды. Кездесу қорытындысында партияластар санын арттыру, БПҰ құру, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орнату орайында бірқатар тапсырмалар да берілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy