Партия төрағасы Атырау облыстық филиалының басшысын қабылдады

dep.jpg Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХП Атырау облыстық филиалының басшысы Балжан Досмұхамбетованы қабылдап, атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдады.

Басқосуда мәслихат сайлауы, бастауыш партия ұйымдарын құру, кәсіподақ ұйымдарымен меморандум жасау мәселелері талқыланды.

– Біз тұрғындардың өзекті проблемаларын білуіміз керек, – деді Балжан Досмұхамбетова. – Сайлаушылардың сенімін жоғалтпау үшін олардың мәселелерін шешуге ықпал ету қажет.

ҚХП Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің тәжірибелі заңгерлері азаматтарға тегін кеңес береді, ал белсенділер үнемі дөңгелек үстелдер, конференциялар, көшпелі отырыстар мен әлеуметтік акциялар өткізеді. Атап айтқанда, жақында партия өкілдері Психикалық ауруы бар балаларға арналған арнайы қызметтер орталығына барып, ұсақ моториканы дамыту үшін кішкентай тәлімгерлерге ойыншық сыйлады.

– Біздің филиал белсенді жұмыс атқарып жатыр, – деді Б. Досмұхамбетова. – Біз мүмкіндігінше тұрғындармен етене араласуға тырысамыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy